ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮРГЕН ЖАСТАРҒА САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫНЖАЙ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ



ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫЛЫҚТАР!

Алматы қаласының әкімдігі 2020 жылғы қарашаның «5» мен «9» аралығында Алматы қаласының жұмыс істеп жатқан жастарынан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін Наурызбай ауданы, «Alma City-5» шағын ауданындағы бір бөлмелі 350 пәтерге өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталатынын хабарлайды.

Шарттар мен қажетті құжаттар

Негізгі талаптар, Қатысушыны таңдау механизмі және Берілу алгоритмі

Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру тәртібін айқындайды.

29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Алматы қаласында соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау (тұрғын үйді Алматы қаласынан жалға алуға үміттенетін адамдар үшін).

Орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлау қаупі бар (қирау) тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының) және кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдында 2 (екі) жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау.

Өтініштерді және құжаттарды беру осы сайт арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау порталында авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі. Оны ХҚО-дан алуға болады.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 (бес) жыл мерзімге беріледі.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайлар Алматы қаласының шеңберінде беріледі. Пәтерлердің бірінші пулы Алатау ауданының «Көкқайнар» шағынауданында орналасқан.

Жалға беру ақысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес анықталады.

1) Ережедегі қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш;

2) берушінің және ерлі-зайыптылардың (бар болса) жеке басын куәландыратын сканерленген құжат;

3) білім туралы сканерленген құжаты;

4) 2008 жылға дейін алынған неке қию туралы сканерленген куәлік;

5) 2008 жылға дейін туылған балалардың сканерленген туу туралы куәлігі;

6) Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

7) жұмыс орнынан анықтама сканерленген, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік жүргізген жағдайда жеке кәсіпкерліктің тіркелуі туралы куәлік;

8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы сканерленген анықтамасы;

9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттары;

10) екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы сканерленген үзінді;

11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын сканерленген құжаттары (кәсіби саладағы жетістіктер ескерілуі қажет. Мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары).



Өтініш беруші Қағидалардың 5-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоқ құжаттарды портал арқылы қосымша ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесін (ең көп ұпай саны бойынша) есепке алумен жасалады.

КРИТЕРИЛЕР НЕГІЗГІ ҰПАЙ САНЫ ҚОСАЛҚЫ ҰПАЙ САНЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нарықта 100 (жүз) сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес кәсіпті меңгерген өтініш берушіге. Мамандар тізімін, сілтемені басу арқылы табуға болады. 10 -
отбасы болған жағдайда 5 некеде тіркелген әрбір жылы үшін - 2
1 (бір) бала болған жағдайда 1 әрбір кейінгі бала үшін - 2
жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде кемінде 1 жыл 5 әрбір жыл үшін - 1
өтініш берушінің түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда (кәсіби саладағы жетістіктер ескерілуі қажет) 2 -
бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін (мемлекеттік мекемелерде мен мемлекеттік кәсіпорындарда) 5 өтілінің әрбір жылы үшін - 1
екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін 2 -


Ұпайлары тең болған жағдайда өтініш берген күннен бұрын өтініш берген үміткерлер басымдыққа ие болады.

Бағдарлама қатысушылары тапсырылған өтініштің қарастырылу нәтижесін осы сайттағы жеке кабинеттен бақылап отыруы қажет.

Сұрақ: Балдық жүйеге сәйкес өтініш берушінің түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда - 2 балл беріледі. Балдарды есептеу кезінде қандай жетістіктер ескеріледі?

Жауап: Бағдарлама жұмыс істейтін жастарға арналғандықтан, кәсіби саладағы жетістіктерді ескеру қажет. Мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары.

Сұрақ: Егер Бағдарлама қатысушысы өтініш берген кезде бюджеттік мекеме қызметкері болмаса, бұған дейінгі жұмыс өтілі ескеріледі ме?

Жауап: Өтініш берген кездегі бюджеттік мекемедегі жұмыс өтілі ескеріледі.

Сұрақ: Егер жеке кәсіпкерлік өзінің қызметін жақында тоқтатса, жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғандық ескеріледі ме?

Жауап: Өтініш берген кездегі жеке кәсіпкерліктің қызметі ескеріледі.

Сұрақ: Екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін балдарын есептеуге жиналған салымның сомасы әсер етеді ме?

Жауап: Жинақ шотта жиналған сома балдарды есептеуге әсер етпейді.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің түсіндірмесімен танысу үшін, осыны басу қажет.

Қосымша ақпарат үшін келесі телефондары арқылы хабарласыңыз:

ТЕЛЕФОН МЕКЕМЕ
+7 (727) 225 14 07
+7 (727) 225 14 37
+7 (727) 225 14 52 ішкі. 2
Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары, «Көкқайнар» шағынауданыңдағы 249 пәтерді бірінші пул бойынша жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер беру бағдарламасына қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз.

Өтініштерді Ереженің талаптарына сәйкестігін тексеру және ұпайларды есептеу қорытындысы бойынша төменде оның іске асырылуы туралы ақпарат орналастырылған.

1. Ең көп ұпай жинаған 249 үміткердің тізімі;

2. Үміткерлердің жалпы тізімі;

3. Ереженің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбаған өтініш берушілердің тізімі.

Ең көп ұпай жинаған үміткерлер 15 күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді жалдау шартын жасау үшін «Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы» КММ-не шақырылады.

Үміткер тұрғын үйді алудан бас тартқан жағдайда тұрғын үй жалпы тізімдегі келесі үміткерге ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, жуық арада сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің келесі пулына өтінімдер қабылдау жарияланатын болады.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: 225 14 52; 225 14 07, немесе тікелей «Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы» КММ-не, Жароков көшесі, 215, 208 каб.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары, Алатау ауданыңдағы 546 пәтерді екінші пул бойынша жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер беру бағдарламасына қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз.

Өтініштерді Ереженің талаптарына сәйкестігін тексеру және ұпайларды есептеу қорытындысы бойынша төменде оның іске асырылуы туралы ақпарат орналастырылған.

1. Ең көп ұпай жинаған үміткердің тізімі;

2. Ереженің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбаған өтініш берушілердің тізімі.

Ең көп ұпай жинаған үміткерлер 15 күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді жалдау шартын жасау үшін «Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы» КММ-не шақырылады.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: 225 14 52; 225 14 07, немесе тікелей «Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы» КММ-не, Жароков көшесі, 215, 208 каб.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары, Алатау ауданыңдағы 255 пәтерді үшінші пул бойынша жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер беру бағдарламасына қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз.

Өтініштерді Ереженің талаптарына сәйкестігін тексеру және ұпайларды есептеу қорытындысы бойынша төменде оның іске асырылуы туралы ақпарат орналастырылған.

1. Ең көп ұпай жинаған үміткердің тізімі;

2. Ереженің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбаған өтініш берушілердің тізімі.

Ең көп ұпай жинаған үміткерлер 15 күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді жалдау шартын жасау үшін «Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы» КММ-не шақырылады.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: 225 14 52; 225 14 07, немесе тікелей «Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы» КММ-не, Жароков көшесі, 215, 208 каб.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары, Алатау ауданы, Ақкент шағынауданынан екі бөлмелі 114 пәтерден тұратын төртінші пул бойынша жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер беру бағдарламасына қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз.

Өтініштерді Ереженің талаптарына сәйкестігін тексеру және ұпайларды есептеу қорытындысы бойынша төменде оның іске асырылуы туралы ақпарат орналастырылған.

1. Ең көп ұпай жинаған 114 үміткердің тізімі;

2. Үміткерлердің жалпы тізімі;

3. Ереженің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбаған өтініш берушілердің тізімі.

Ең көп ұпай жинаған үміткерлер тұрғын үйді жалдау шартын жасау үшін «Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы» КММ-не жұмыс күндері шақырылады.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: 225 14 52; 8-702-687-77-79.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары, Алатау ауданы, 13 шағынауданынан бір бөлмелі 34 пәтерден тұратын бесінші пул бойынша жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер беру бағдарламасына қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз.

Өтініштерді Ереженің талаптарына сәйкестігін тексеру және ұпайларды есептеу қорытындысы бойынша төменде оның іске асырылуы туралы ақпарат орналастырылған.

1. Ең көп ұпай жинаған 34 үміткердің тізімі;

2. Үміткерлердің жалпы тізімі;

3. Ереженің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбаған өтініш берушілердің тізімі.

Ең көп ұпай жинаған 34 үміткерлермен тұрғын үйді жалдау шарты жасалады.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: 225 14 52; 8-702-687-77-79.

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз

Құжаттар мен өтініштерді қабылдауға қалды:
Бірінші пул бойынша өтініштер тапсырылды: 1244
Екінші пул бойынша өтініштер тапсырылды: 608
Үшінші пул бойынша өтініштер тапсырылды: 514
Төртінші пул бойынша өтініштер тапсырылды: 1110
Бесінші пул бойынша өтініштер тапсырылды: 464
Алтыншы пул бойынша өтініштер тапсырылды: 1 776